Соңғы аптада ұн бағасы рекордтық деңгейге көтерілді
Елімізде соңғы аптада ұн бағасы рекордтық деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Бірінші несие бюросының Data Hub жобасы.
«26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында бірінші сұрыпты ұн бағасы 2%-ға өсті. Бұл 2022 жылдың мамыр айының ортасынан бергі ең жоғары мөлшерлеме» делінген хабарламада.
19-26 қыркүйек аралығында ұн 0,6%-ға қымбаттады. Сарапшылар бұған дейін жеті айға жуық бағаның көтерілмегенін, тек бірде төмендеп, бірде тұрақты баға ұстанғанын айтады.
Кей сарапшылар бұған Ресейден дәнді дақылдарды экспорттауға тыйым салу әсер еткенін айтады.
«Отандық ұн тартушылар осыдан кейін баға жоғары болған ішкі нарықта астықты сатып алуға мәжбүр болды. Бұл жолы жағдай керісінше. Қазақстан бидай импортына тыйым салды. Бұған оның «жасырын» сатылыммен күрес себеп болды», - дейді сарапшылар.
Ұн бағасының қатты көтерілгенінен нан бағасы 0,2%-ға қымбаттады. Бұл биылғы соңғы 14 аптадағы бағаның алғаш шарықтауы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық