Солтүстік Қазақстанда құны 70 млрд теңге болатын ағаш өңдейтін зауыт салынады
Фото: Ашық дереккөзден
Үкімет Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Үкіметі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Жалпы құны 70 млрд теңге болатын жоба 2026-2028 жылдары іске асырылады. Оны іске қосу кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын құруға, ел ішінде ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім өндірісін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтеді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 600 текше метр ағаш-жаңқалы плиталар (ДСП) және 20 млн шаршы метр ламинацияланған ағаш-жаңқалы плиталар (ЛДСП) шығаруға мүмкіндік береді.
Келісім қазақстандық өндірушілер тауарларын, шикізатын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде пайдалануды көздейді. Инвестор дайын өнімнің кемінде 50%-ын ішкі нарыққа бағыттауға міндеттеледі. Кәсіпорын жобалық қуаттың 80%-ына шыққаннан кейін отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін жетеді.
Өңірді әлеуметтік қолдау бойынша міндеттемелер де бекітілген. Сондай-ақ инвестор жұмыскерлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Жобаны іске асыру ағаш өңдеу саласының дамуына, жергілікті мазмұнды арттыруға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Оқи отырыңыз:
- ҚР ІІМ ескертеді: Камералар құжатсыз көлік айдағандарды анықтайды
- Астана полициясы көлігін тастай қашқан есірткі таратып жүрген күдіктіні ұстады
- Аягөзде менингиті асқынып қайтыс болған сарбаздың өліміне кінәлі дәрігер амнистиямен құтылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық