Солтүстік Қазақстан облысында 100 жаңа үйдің құрылысы басталды
Фото: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Су тасқыны басталғалы облыста 3898 үйді су басқан. Су басқан ғимараттардың 40 пайызға жуығы енді тұруға жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Солнечное – 2 ауылында 100 жаңа үйдің құрылысы басталып кетті.
27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысына Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, «Қазақмыс Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және KAZ Minerals басқармасы басқармасының төрағасы Эльдар Мамедов болды. Олар қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен үш ірі компанияның акционерлерімен және басшылығымен бірге осы өңірге келдім. Жалпы сомасы 60 млрд теңге су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер сатып алуға және үй салуға бағытталады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Президенттің тапсырмасымен ірі бизнесмендер мен кәсіпкерлер де су тасқыны аймағына қол үшін беруге тартылғаны белгілі.
«Мұндай жағдай біздің елде бірінші рет болып отыр. Бұл нағыз апат екенін өз көзіммен көрдім. Ешкім де бейжай қалмауы керек. Мұнда бәрі тең. Біз бірге қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», - деді Вячеслав Ким.
Жаңалықтар
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды