Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды
Қайрат Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының бас прокуроры болып тағайындалды.
Бүл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша ротация тәртібімен Бас Прокурордың 2023 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды» делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Бұл тағайындауға дейін ол Павлодар облысы прокуратурасын басқарған.
Қайрат Әбдіханов 51 жаста, ол Алматы облысының тумасы. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Осы жылдар ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысы Жамбыл ауданы мен Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Қайрат Әбдіханов Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін де атқарған. Құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарған Бағбан Тайымбетов қызметте болудың шекті жасына байланысты қызметінен босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық