«Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін Қазақстан мен Түркіменстан бірлесіп жасайды
Сурет: Orda.kz
Үнді мұхиты мен Парсы шығанағына «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанмен бірлесіп құруға дайын.
Бұл туралы Бердімұхамедов Қазақстанға бір күн бұрын болған сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеді.
Түркіменстан телеарнасының хабарлауынша, Астанадағы келіссөздер барысында Орталық Азияның көлік жүйелерін біріктіруді және аймақ елдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін қуатты және заманауи инфрақұрылым құру үшін көлік саласындағы еуропалық және азиялық негізгі ағындарға араналған ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
— Атап айтқанда, Түркіменстан Каспий теңізінің шығыс жағалауын бойлай Үнді мұхиты мен Парсы шығанағына апаратын Солтүстік-Оңтүстік дәлізін құру бойынша Қазақстанмен бірлескен жұмысқа дайын, - деді Түркіменстан басшысы.
Сонымен қатар, Бердімұхамедов екі елдің Шығыс-Батыс, Азия-Еуропа бағыттары бойынша стратегиялық көлік-транзиттік және логистикалық әріптестік аймағын құру бойынша күш-жігерді үйлестіретінін, сондай-ақ Каспий теңізіндегі бірлескен іс-шараларды жалғастыратынын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық әріптестікке ерекше назар аударылғанын атап өтті. Бірлескен шаралардың арқасында өткен жылы екіжақты тауар айналымы екі есеге өсіп, 250 миллион доллардан асқанын атады. Оң динамика биыл да жалғасын тауып – 7 айда өзара тауар айналымының екі есе артуына қол жеткізілген.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін айтарлықтай резервтер бар. Мысалы, Қазақстан Түркіменстанға экспортты 80 тауар позициясына ұлғайта алады.
— Біздің мақсатымыз – таяу жылдары өзара сауданың 500 миллион долларға дейін өсуін қамтамасыз ету және жақын болашақта миллиардтық межеге жету. Осы мақсатта біз екіжақты жұмыс тобының тауар айналымын ұлғайту және жеткізілетін тауар түрлерін кеңейту жөніндегі қызметін жандандыруды тапсырдық. Біздің тапсырмамыз бойынша екі елдің үкіметтері осы мүмкіндіктердің барлығын пысықтайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық