Солтүстік Қазақстанда жем-шөп жетіспейтіні рас па?
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі шаруалардың шөптің қымбаттығына қатысты шағымдарына түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Бірқатар телеарналар Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Покровка ауылынан сюжет жариялады. Онда бір ғана Фабер отбасының мысалына сүйене отырып, олар шөптің қымбат бағасынан аймақта мал жаппай қырылып жатыр деген қорытынды жасады.
Покровка ауылында алты ауылшаруашылық құрылымында шабындық бар. Оның ішінде үш шаруа қожалығы, «Агро-Сега» ЖШС, «Тұрмыс» ЖШС, «Камен Мадина» ЖШС меншікті малына, жұмысшылар мен үлескерлерге - Покровка ауылының тұрғындарына шөп дайындайды. Сондықтан, бүгінде ауыл тұрғындарын шөппен қамтамасыз ету жеткілікті, - деп хабарлады әкімдіктен.
Қалған үш шаруа қожалығы, «Достық» шаруа қожалығы, «Завьялов В.В.» және «Иванов Н.Н.» жеке кәсіпкерліктері әкімдіктің мәліметі бойынша, Покровка тұрғындарына шөпті салмағы 300 келі болатын орам үшін 5 мың теңгеден сатады. Азамат Фабер бұл шаруашылықтарға өтініш білдірмеген.
Аудан әкімдігі шөп құнын асыра бағалаудың кейбір фактілерінің тексерілгені туралы хабарлады, нәтижесінде «ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жемге алыпсатарлық бағаны белгілеуге жол бермеу туралы келісімге қол жеткізілді».
Жалпы, облыста мал басының өсімі байқалады. 1 шілдедегі жағдай бойынша ірі қара мал 495,2 мың бас болды, өткен жылмен салыстырғанда 103,5 пайызға өсті. Ұсақ мал - 623,1 мың бас, өсім - 103,3 пайыз. Жылқы - 180, 8 мың бас, өсім - 102 пайыз. Шошқа - 249,6 мың бас, өсім - 106,2 пайыз.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары шөп құнының бірнеше есе қымбаттауына шағымданған. Жем қымбат болғандықтан, олар малдарын сойуға мәжбүр деген қорытынды жасалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық