Солтүстік Қазақстанда учаскелік инспектор жолда тұрып қалған көлікке көмектесті
Солтүстік Қазақстанда тас жолда учаскелік инспектор Александр Данилов аязда тұрып қалған көлікке көмектесті.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында болған оқиға туралы Instagram қолданушысы айтып берді. Мұндай ақпаратпен Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті.
«Балалармен Вознесеновка ауылына барғанмын. Қайтар жолда орманның жанына тоқтап, суретке түсіп, таза ауа жұтуды жөн көрдік. Дем алуын дем алдық қой. Көлікке барсақ, кілттері жоқ. Ұзақ іздедік, шамамен 40 минуттай. 5 және 10 жасар балаларым қатты тоңып қалды. Ең болмағанда біреуі тоқтаса болар еді. Көліктегі барлық есіктер айқара ашық болғанымен. Ана мен бала трассада не істеп жүр деп сұрау ешкімнің ойына келмеді. Бірақ сол кезде көлік тоқтап, ішінен Куйбышев ауылдық округінің учаскелік инспекторы Александр Данилов деген жас жігіт түсті. Ол бізге көп көмектесті, біздің ізімізбен орманға кіріп, кілттерді тауып берді. Осындай қызметкерлер үшін Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөліміне алғысымды білдіремін» деді Instagram қолданушысы.
Оқиға жексенбі, 12 желтоқсанда болған. Полиция капитаны Данилов 15 сантиметрлік қардың ішінен кілтті іздеу ақылға қонымсыз болып көрінгенін еске алды. Ол эвакуаторды күтуге тура келетініне сенімді болды, бірақ бәрібір де кілтті іздеуге бел буды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық