Солтүстік Қазақстанда мектеп оқушылары дәретін шелекке сындырып жүр
Скриншот
Шіріген еден, төбе мен қабырғалардағы мүк, дәретхананың орнына шелек. Осындай жағдайда мектеп оқушылары еліміздің солтүстігіндегі ауылдардың бірінде оқуға мәжбүр. Ата-аналар бір жылдан астам уақыт бойы дабыл қағып, келесі көктемнің келуін үрейлене күтуде.
Астана телеарнасының хабарлауынша, шенеуніктер бәрін біліп отыр. Тіпті жыл сайын төбесін жамап әлек. Бірақ одан ештеңе өзгеріп жатқан жоқ.
Ақжар ауданы, Кіші-Қараой ауылындағы Киев орта мектебінде барлығы 72 оқушы мен шағын орталықтың 15 тәрбиеленушісі білім алуда. Олардың ата-аналары көктемгі жылымықты үреймен күтуде.
«Мектептің жағдайы мүшкіл. Мұны спорт залы, акт залы, мұғалімдер бөлмесі және өзін-өзі тану кабинеті сияқты үй-жайларды байқауға болады. Олардың төбесінен су ағып жатыр. Төбеде және қабырғаларда көп су аққандықтан, онда мүк өскен. Еден тақтайшалары шіріп кеткен» деді Ақжар ауданының тұрғыны Әсел Молқоедова.
Мектептегі дәретхана бөлмесі әлдеқашан жарамсыз болып қалған. Дәретханада шелек тұр. Жергілікті тұрғындар мекеменің 44 жылдан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмегенін алға тартты. Білім басқармасы жыл сайын шатырдағы шұңқырларды қолдан келгенше жамап тастайтынын, бірақ ғимаратты күрделі жөндеуге 250 млн теңге қажет екенін айтады.
«Бұған дейін бірнеше рет шатыр жөнделді, бірақ бұл, өкінішке қарай, нәтиже бермеді. Былтыр ғана жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен болатын. Қазір мектепті жөндеуге қаржы бөлуге қосымша бюджеттік өтінім бердік. Бұлай болмау керек, балалар қауіпсіз жағдайда оқуы керек» дейді Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы соңғы үш жылда 302 мектеп 14 млрд теңгеге жөнделгенін атап өтті. Биыл да 25 білім беру нысанын трансформациялау жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық