Солтүстік Қазақстан облысының төрт мектебіне Бөкейхан, Сәдуақасов, Байтұрсынұлы және Қажымұқан есімдері берілді
Фото: Ашық дереккөзден
Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке Әлихан Бөкейхан, Смағұл Сәдуақасов, Ахмет Байтұрсынұлы және Қажымұқан Мұңайтпасов есімдері берілді.
« Солтүстік Қазақстан облысының мынадай білім және спорт нысандарына:
1) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №25 орта мектепке Әлихан Бөкейхан есімі;
2) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №2 орта мектепке Смағұл Сәдуақасұлы есімі;
3) Петропавл қаласы білім бөліміне қарасты №9 орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлы есімі;
4) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Қажымұқан Мұңайтпасұлы есімі берілсін» делінген үкімет қаулысында.
Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөкейхан мен Байтұрсынұлы – 1917 жылы құрылған, қазақ пен қырғыз зиялыларының басын қосқан Алаш партиясының көсемдері. Барлық партия басшылары 1930 жылдары большевиктер тарапынан атылды.
Сәдуақасов – қазақ жерін сақтап қалуға зор үлес қосқан қазақтың мемлекет қайраткері, жазушы-редактор, бұрынғы Қазақ АССР Оқу Халық Комиссары (1925-1927).
Мұңайтпасов – 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, аты аңызға айналған қазақ балуаны және цирк әртісі, грек-рим күресінен әлем және бүкілодақтық чемпионаттардың бірнеше дүркін чемпионы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық