«Союз-5»-тің ұшырылуы Қазақстанға байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін - Рогозин
Сурет: Роскосмос
2023 жылдың соңына жоспарланған келешегі зор «Союз-5» зымыран тасығышының бірінші ұшырылуы 2024 жылға шегерілуі мүмкін.
Бұл туралы Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин мәлімдеп, егер қазақстандық тарап «Бәйтерек» жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігін аяқтап үлгермесе, мұндай кешігудің болуы мүмкін екенін айтты.
«Зымыран біз жоспарлағандай 2023 жылдың соңына дейін дайын болады. Егер қазақстандық тарап өз жұмысының бір бөлігін кешіктірсе, бұл ұшыру 2024 жылға дейін созылады деген сөз» деп келтіреді Рогозиннің мәлімдемесін ТАСС.
Роскосмос басшысының айтуынша, зымыранды жасау бойынша жұмыстар басталды, қазір жанармай цистерналары мен жекелеген жүйелердің динамикалық және статикалық сынақтары жүргізілуде. Бұл ретте, сейсенбіде Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин құрылысты бастау мерзімі сәл ғана ауыстырылғанын айтты.
Қазақстан «Зенит-М» ғарыш аппаратын жаңғырту арқылы жерүсті инфрақұрылымын құруға жауапты. Ресей сол жерден ұшырылатын «Союз-5» зымыранын жасап жатыр. Бірінші ұшыру 2023 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Ұшыру кешені «Назарбаев старт» деп аталады.
«Ресей тарапы 60 миллиард рубльден астам (қателеспесем, 61,2 миллиард) жаңа «Союз-5» зымыран-ғарыш кешенін құруды қаржыландырып отыр» деп қосты ол.
2018 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Байқоңырда «Бәйтерек» кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Ол «Зенит-М» кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін жаңғыртуға, жалға беруден және қазақстандық тарапқа беруді жүзеге асыру бойынша тараптардың міндеттемелерін айқындайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық