Соғыс заңы: Иран Израиль тыңшысы деп танылған бес адамды дарға асты
Фото: Pixabay
Иран билігі соңғы екі апта ішінде Израильдің барлау қызметімен байланысы бар деген күдікпен 700-ден астам адамды ұстады. Олардың бесеуіне өлім жазасы кесіліп, үшеуі 25 маусым күні елдің көзінше дарға асылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тегеранның ресми мәлімдемесіне қарасақ, бұл азаматтар Израиль әскеріне соққы жасау үшін нысаналардың нақты координаттарын жеткізіп отырған және дрондар мен жарылғыш заттардың бөлшектерін елге жасырын алып кірген.
BBC ақпараты бойынша, айыпталғандардың қатарында Иран мен Ауғанстан азаматтары бар. Мемлекеттік БАҚ оларды «сионистік режимнің агенттері» деп сипаттады.
13 маусымда Израиль Иранға шабуыл жасады. Осыдан кейін, Fars News агенттігінің мәліметінше, елде тыңшылық әрекет күрт көбейіп кеткен.
Сол уақыттан бері 700-ден астам адам ұсталып, бес адам өлім жазасына кесілді. Алғашқы екеуі 22 және 23 маусымда, ал тағы үшеуі 25 маусымда дарға асылған. Үшеуі Урмия қаласында, Түркиямен шекара маңында, ашық түрде жазаланған.
Иран билігі бұл тыңшылардың кейбірі Израильмен байланысы бар әскери операцияларға қатысып, ел ішіндегі стратегиялық нысандарға жасалған шабуылдарға мұрындық болды деп отыр. Олардың кейбірі жоғары шенді ирандықтарды өлтіру мақсатында пайдаланылған техниканы елге жеткізген.
Сот отырыстары «соғыс жағдайына сай» жедел түрде өткен. Елде уақытша бақылау бекеттері қойылып, арнайы қызмет пен ерікті топтар (мысалы, «Басидж») тұрғындардың көліктерін, жүктерін тексеріп жатыр. Тергеу дәлелсіз жүрді деп құқық қорғау ұйымдары алаңдаушылық білдірді. Иранның сот жүйесі жетекшісі Голям-Хосейн Мохсени-Эджеи судьяларға істерді шұғыл қарау жөнінде нұсқау берген:
«Бұл — соғыс уақыты. Біз бір ғана іске екі-үш ай уақыт жоғалта алмаймыз», — деді ол.
Сарапшылар қазіргі оқиғаларды Ирандағы 1979 жылғы Ислам революциясынан кейінгі жаппай жазалау науқанымен салыстырып отыр. Ол кезде де билік өзіне қауіп төндіреді деп санағандарды тез әрі ашық сотсыз жазалаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық