Соғыс тоқтамаса, әлемде аштық басталуы мүмкін – экономист
Экономист Мақсат Халық сұхбат беріп, әлемдегі экономикалық жағдай және Украина мен Ресей арасындағы соғыстың әсері туралы айтты.
«БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш: «Әлемде аштық болады» деді. Бұл нәубет Қазақстанға қашан жетеді?» деп сұрады журналист.
– Мүмкін. Әсіресе кедей мемлекеттерге, төлем қабілеті төмен елдерге әсері болады. Көріп отырғанымыздай энергетика ресурстары, оның ішінде мұнайдың бағасы қымбаттады. Мұның бәрі жанама түрде егістік өнімдерінің қымбаттауына алып келеді. Тиісінше кедей мемлекеттер қиындыққа тап болады. Қазақстанда қазір мұндай қауіп жоқ. Өйткені біз өзімізді 95 пайыз ұнмен қамтамасыз етіп отырмыз. Біздің елде ашаршылық орын алады дегенге негіз жоқ. Дегенмен тауарлар бойынша мәселелерді қарау керек, - деді экономист.
Мақсат Халық теңгенің жағдайы жайлы айтып, «теңге валюта ретінде жойылып кетуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.
– Жойылып кетеді деуге негіз жоқ. Көп жерде «теңге ауысып кетеді, сол үшін несие алып қалыңдар» деген әңгіме айтылып жүр. Кез келген елде деноминация деген саясат бар. Бұл саясатты бір кездері Германия, соңғы жылдары Түркия жүргізген. Біз теңгенің қатты құнсыздану дәрежесіне жеткен жоқпыз. Сарапшылар ақшаның соңындағы екі нөлді алып тастайық деген пікірлер айтып жүр. Бірақ мұның салдары бар. Олай болғанда бүкіл дүниеден екі нөлді алып тастауымыз керек болады. Біз бұған психологиялық түрде дайынбыз ба? Мемлекетімізде белгілі бір дәрежеде ұлттық қор бар. Ұлттық қорда 54 млрд доллар көлемінде қаражат бар, - деп жауап беру Мақсат Халық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық