Соңғы қоңырау шынымен де соңғы болды: екі оқушы көз жұмды
25 мамыр соңғы қоңырау күні екі оқушы: Батыс Қазақстанда 11-сынып оқушысы мен Қостанайда 9-сынып оқушысы суға батып кетті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қостанайда 2005 жылғы жасөспірім салтанатты шарадан кейін Тарелочка көліне шомылуға барған.
– Олар шомылған жердің суы таяз болған. Бірақ суға батқан бала әрірек жүзіп, сүңгіп кеткен. Мәйітті тапқан біздің сүңгуірлердің айтуынша, су айдынының тереңдігі 3 метрге дейін жетеді. Өлімнің себебі сараптамадан кейін белгілі болады, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев «Наша газета» басылымына.
Еске салсақ, 2020 жылы Қостанайда 21 адам, оның ішінде төрт бала суға батып кеткен.
Ал Батыс Қазақстанның Қаратөбе ауданында мектеп түлегі рұқсат берілмеген жерде жүземін деп, суға кетті.
«Мой город» сайтының айтуынша, жасөспірімнің денесі сағат 19.24-те табылған.
Белгілі болғандай, 11-сынып оқушысы атасының үйіне демалуға келіп, достарымен шомылуға барған.
Еске салсақ, 24 мамыр, яғни, бір күн бүрын Теректі ауданында 16 жастағы бала суға батып кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық