Соңғы бір жылда Дариға Назарбаева қандай жұмыс атқарды?
Фото: Валерий Шарифулин / ТАСС
Дариға Назарбаева коронавирус жұқтырғандықтан, бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келмеді. Ол онсыз да өзінің жұмыс орнында сирек болып тұрады.
Orda.kz тұңғыш презмдент – Елбасының қызы, «Нұр Отан» партиясының депутаты Дариға Назарбаеваның соңғы бір жылда қандай жұмыс атқарғанын анықтап көрді.
Дариға Нұрсұлтанқызы тікелей сөйлесуді жөн көреді. Осылайша, ол соңғы бір жылда әртүрлі форумдарға, сауықтыру орталықтарына барған.
Мысалы, 2021 жылдың қаңтарында ол оңалту орталығының және Нұр-Сұлтандағы инклюзия кабинетінің өкілдерімен екі кездесу өткізді.
2021 жылдың ақпан айында ол премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, өнеркәсіптік саясат туралы заң жобаларына өзгерістер енгізген. Заң жобалары қабылданған.
Ал наурыз айында Дариға Назарбаева Тараздағы оңалту орталығында үш кездесу өткізіп, премьер-министрден ақпан айындағы сауалына жауап алды.
Сәуір айында депутат белсендірек болды. Дариға Назарбаева астаналық жануарларға арналған орындар мен Алматы облысындағы оңалту орталығында болды.
2021 жылдың мамыр айында депутат «Астана Опера» театрында әртістермен бірге ағаш отырғызып, жануарлар құқығын қорғаушылармен үй жануарларын күтіп-баптау мәселесін талқылады және тұңғыш президент мұражайы ғимаратының жанынан саябақ ашты.
Маусым айында Дариға Назарбаева Екібастұзға және Батыс Қазақстан облысына барып, премьер-министрге төрелік және ауылда интернетке қол жеткізу туралы екі депутаттық сауал жолдады.
2021 жылдың шілде-тамыз айларында ол ешқайда шықпаған.
2021 жылдың қыркүйегінде Дариға Назарбаева «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасына түзету енгізуді ұсынған болатын. Ол премьер-министрге бірнеше өтініш жасаған. Сондай-ақ, ол Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметкерлерімен баламалы энергия көздерін дамыту мәселесін талқылады.
2021 жылдың қазан айында Лиссабонда болып, БҰҰ өкілдерімен кездескен.
Ал қараша айында Назарбаева кездесулер мен ашық шаралар өткізбеген.
2021 жылдың желтоқсан айының басында депутат Қазақстанға жұмыс сапарымен келген президент Шавкат Мирзиеевпен бір рет кездескен. Ол оған тұңғыш президент мұражайын көрсетіп, Нұрсұлтан Назарбаев қорының жұмысы туралы баяндаған.
2022 жылдың қаңтарында Назарбаевтың қызы депутаттық қызметте белсенділік танытпаған. Ол тәртіпсіздіктерден кейінгі екі пленарлық отырысқа да қатыспаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық