«SMALL» және «METRO» ірі сауда желілеріне іс қозғалды
Фото: yandex.kz
«SMALL» және «METRO» сауда желілері тауар бағасын ұлғайтқаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы министрліктің сауда және интеграция комитеті хабарлады.
«Тауар бағасын ұлғайтқаны үшін Алматыда республика бойынша бірнеше филиалдары бар «SMALL» және «METRO» ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі ең ірі премиум-класстағы «Есентай гурмет» азық-түлік дүкені әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, жарты жылда Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2357 әкімшілік іс қозғаған.
Олардың қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 2228 қаулы шығарылды, оның ішінде 381-і айыппұл түрінде және 1847-і бірінші рет жасалған бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде.
«Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдың 6 айындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері көрсеткіші екі еседен астамға өсті» делінген хабарламада.
Ең көп бұзушылықтар ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша анықталды – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘҚБтК) тауарлық үстемеақыны асыра пайдалануы (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы) және әртүрлі бағаларды пайдалану немесе баға белгілерінің болмауы (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-бөлігі).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық