Смайылов: Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі
Фото: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Саудпен кездесті. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Смайылов бүгінде екі ел арасында жоғары деңгейде сенімді саяси диалог орнағанын, мәдени-гуманитарлық байланыстар нығайып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық дамып келе жатқанын атап өтті.
– Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі. Біз өзара тауар айналымында оң динамиканы байқап отырмыз, алайда оның қазіргі көлемі әлі де біздің әлеуетімізге сәйкес келмейді. Осыған байланысты елдеріміздің іскер топтары арасында тығыз байланыс орнату маңызды деп санаймыз, - деді Әлихан Смайылов.
Фейсал бен Фархан Әл Сауд Сауд Арабиясы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға дайын екенін жеткізді. Осыған байланысты екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік байланыстары үшін қолайлы жағдай жасау қажет екені айтылды.
– Бізде ынтымақтастық орнатуға бағыттар жетерлік. Екі ел басшылары өзара қарым-қатынастарды нығайту жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Осыған байланысты біз өзара қызығушылық тудыратын барлық салада жұмысты жандандыруға дайынбыз, - деді сыртқы саясат ведомствосының басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық