Смайылов «ЛУКОЙЛ» президенті Алекперовпен кездесті
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесу өткізді. Тараптар геологиялық барлау жүргізу және мұнай кен орындарын игеру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа ықтимал бағыттарын айқындауға дайын екенін атап өтті.
Өз кезегінде «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ басшысы компания Қазақстан аумағында инвестицияларды одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды әзірлеуге мүдделі екенін айтты.
«ЛУКОЙЛ» ЖАҚ – әлемдік мұнайдың 2%-дан астамын өндіретін ресейлік мұнай-газ компаниясы. Компания Қазақстанда өз қызметін 1995 жылы бастады, бүгінгі күні ол мұнай және газ өндіру, жағармай материалдарын өндіру жөніндегі бірқатар жобаларға, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумына қатысады. 1995 жылдан бері компанияның ел экономикасына құйған инвестициясы $10 млрд доллардан асты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық