Смайылов көмір бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды

cover

Үкімет үйінде жылу беру кезеңінің қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралды. Үкімет отырысы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Қазақстанда Петропавл қаласын қоспағанда, жылу беру маусымы тұрақты режимде өткенін мәлімдеді.

- 2021 жылы еліміздегі электр стансаларында сағатына 114,3 млрд кВт электр энергиясы өндірілді, бұл 2020 жылғы деңгейден 6%-ға артық, — деді Ақшолақов.

Әлихан Смайылов былтыр республиканың шығыс және солтүстік өңірлерінде күннің ерте сууы салдарынан кезек пайда болып, көмір бағасының көтерілгенін еске салды.

- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әкімдіктермен бірлесіп, көмір бағасын ерекше бақылауға алып, әсіресе тұрғындар үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауы қажет, — деді Үкімет басшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар