Смайылов инвесторлармен нашар жұмыс істеген әкімдерге сөгіс жариялады
Сурет: primeminister.kz
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Инвестициялар жөніндегі штаб отырысын өткізіп, инвесторларды тарту бойынша әлсіз жұмыс жүргізген облыс әкімдеріне сөгіс жариялады, деп жазды премьер-министрдің сайты.
Премьер-министр биылғы жылы 4,5 пайыз деңгейінде негізгі капиталға инвестиция салудың оң динамикасы байқалып отырғанын, бұл ретте 12 өңір белгіленген нысаналы индикаторларды орындамағанын баса айтты. Ең төмен көрсеткіштер Шымкент қаласы, Түркістан және Ұлытау облыстарында.
— Ірі компаниялар өндіріске инвестиция салып, жаңа жұмыс орындарын ашуға дайын. Тек олармен жұмыс істеп, инвестициялық келісімшарттар жасасып, жаңа жобалар бойынша салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру керек. Өңірлердің басшылығы мен мемлекеттік органдар бұл жұмысты жандандырулары қажет, - деді Әлихан Смайылов.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,9 млн теңге болғанын айтты. Жылжымайтын мүлікпен операциялар, тау-кен және мұнай өндіру, көлік және қойма шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, энергетика және өңдеу өнеркәсібі сияқты салаларда айтарлықтай өсім байқалады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров 2022 жылдың бірінші тоқсанында елімізге 6,8 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын хабарлады.
Осы кезеңдегі инвесторлардың алғашқы ондығына Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Бельгия, Ұлыбритания, Франция және Түркия кірді.
Инвестициялық жобалардың жалпы республикалық пулында химия өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, энергетика, көлік-логистика, тамақ өнеркәсібі, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы сияқты салалар бойынша жалпы құны 30,2 трлн теңгені құрайтын 797 жоба бар.
Пул жобаларын толық іске асыру 130 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2022 жылы 24 мың жұмыс орнын құрумен 2,98 триллион теңгені құрайтын 272 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық