Skoda автоконцерні Қазақстанмен келісімшартқа отырды
Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы еуропалық ірі Volkswagen Group концернімен өндірістік ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісімге сәйкес, Қазақстанда Skoda маркалы автокөліктердің тұрақты өндірісі ұйымдастырылады.
«Жылдар бойына ең сенімді деп танылған Skoda автомобильдері бүгінде өндіріс көрсеткіштерінен асып түсуді мақсат етіп отыр. Егер 2022 жылы Skoda Auto 780 мың автокөлік шығарса, биыл бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да өндіріс белдеуіне жаңа алаңдарды қосу арқылы бұл көлемді арттыру жоспарлануда» деп хабарлады Allur компаниясы.
Келісімге қол қою бейнебайланыс арқылы өтті. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 26 млрд теңге, ол брендтің өндірістік және дилерлік желісін ұйымдастыруға жұмсалады.
«Жалпы еуропалық серіктеспен ынтымақтастық 1500-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл бүкіл ел бойынша кеңінен ұсынылған, ауқымды брендпен жұмыс істеу кезінде ажырамас атрибут болады. Бұл зауыт мамандары, оларды оқыту, сондай-ақ одан әрі оқшаулау қол қойылған Келісімнің ережелеріне енгізілген. Қазірдің өзінде Allur зауытының инженерлер тобы Чехиядағы Skoda Auto өндірісінде жұмыс істеп жатыр»,- деді Allur компаниясының ресми өкілі Айдар Өтешев.
Skoda 1991 жылдан бері неміс Volkswagen тобына кіретін Еуропадағы ең ірі автомобиль өндірушілерінің бірі.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды