СҚО прокурорлары көлікті ұзақ уақыт қыздыруға салынған айыппұлды алып тастады
Фото: Ольга Ибраева, Orda.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл тұрғынына көлікті бес минуттан астам қыздырғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдың күшін жойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция жүргізушінің үстінен көлік қою ережесін бұзды деген айыппен хаттама толтырды. Алайда, іс қозғала келе, прокуратура полиция тарапынан өрескел процессуалдық қателіктерді анықтады.
Хаттама жасаған полицей заң бұзушылықты дәлелдей алмады. Сонымен қатар, хаттаманың өзі де заңсыз жасалғаны белгілі болды. Нәтижесінде прокурорлар полицейдің әрекетін заңсыз деп таныды. Іс тоқтатылып, айыппұлдың күші жойылды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлікті бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салуды қолдағанын бұған дейін жазған болатынбыз. Баспасөз мәслихатында ол бұл ереженің экология үшін маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, солтүстік облыстардың өзінде көлікті қыздырып, жолға шығуға бес минут жеткілікті екен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық