СҚО-дағы тас жолда жүргізуші мен жолаушы тірідей жанып кетті

cover Фото: Көрнекілік үшін

7 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Карлуга ауылы маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысудан кейін жеңіл көлік пен жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.      

Жол апаты шамамен сағат 15:10-да Жезқазған – Арқалық – Петропавл тас жолының 927-шақырымында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 55 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Петропавл қаласынан Явленка ауылы бағытына қарай келе жатқан.

Белгісіз себептермен ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жүк көлігін 37 жастағы ер адам басқарған. Салдарынан жеңіл автокөлік пен жүк көлігі кабинасын өрт шарпыған. Toyota Camry жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Апат орнынан олардың күйіп кеткен мәйіттері табылған.

Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Дәрігерлер оған кеуде тұсының соғылуы диагнозын қойған.

«Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапқан, полиция қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады полиция департаменті. 

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар