СҚО-дағы қытайлық кәсіпорында жойқын жарылыс болды
Фото: бейнеден кадр
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылында қытайлық «Айцзюй» корпорациясына тиесілі агроөнеркәсіптік кәсіпорында жарылыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгілі болған деректерге қарасақ, жанармай бекетінің құбыршегі (шланг) үзіліп, соның салдарынан кәсіпорындағы екі жинақтағыш жарылып, артынша Volvo маркалы газ тасымалдаушы көлік отқа оранған. Бұл туралы СҚО полиция департаменті хабарлады.
Оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, олардың сегізі ауруханаға жеткізілді. Отқа оранғандардың арасында түрлі дәрежедегі күйік пен жарақат алғандар бар. Зардап шеккендердің арасында Көкшетаудан газ әкелген жұмысшылар, сондай-ақ апат орнына көмекке келген құтқарушылар да болды.
еGov порталындағы мәліметке қарасақ, жарылыс болған нысан – «Тайынша май» ЖШС май өнімдерін өндірумен айналысады. Компанияның иесі – агроөнеркәсіп және халықаралық логистика саласында жұмыс істейтін Қытайдың «Айцзюй» корпорациясы.
Айта кетейік, «Айцзюй» компаниясының негізгі логистикалық торабы – Қытайдың Сиань қаласындағы порт. Бұл жерден Қазақстанда өндірілген май, ұн және басқа да тауарлар Орта Азия мен Еуропа елдеріне теміржол арқылы жөнелтіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық