СҚО-да сауда желісі басшылығынан 50 миллион теңге бопсалаған «блогерлер» ұсталды
Сауда желілерінің бірінің директоры Солтүстік Қазақстан полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне шағымданды. Ол петропавлдық «блогерлердің» өзінен 50 миллион теңге бопсалағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кәсіпкердің арызына жауап берген полицейлер бопсалаушы – 33 және 34 жастағы ер адамдарды ұстады. Олар жергілікті ортада тұтынушыларды қорғау жайымен танымал екен. Сонымен бірге, полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, «блогерлер» бірнеше рет ақысын төлемей, азық-түлік өнімдерін алып кеткен.
«Олар тұтынушы құқықтарын қорғау ұранымен 2022 жылдың басынан бері олар Петропавлдағы сауда орындарында тұрақты түрде «рейд» жүргізіп келеді. Блогер атын жамылғандар сауда желісі қызметкерлерінің қатысуымен арандатушылық бейнероликтер түсіріп, полиция шақырылған кезде жанжалды жағдай туғызған. Арандатушылық пен қақтығыс кезінде олар жарамдылық мерзімі өтіп кетті деген өнімдерді сату фактілеріне сүйенген» деп хабарлады мекеме.
Күдіктілер «рейдтермен» қатар, «бизнесті жоспардан тыс тексерудің» арқасында сауда орындарында анықталған бұзушылықтар туралы мемлекеттік органдарға шағым жолдап отырған.
«Қыркүйек айының басында жастар осындай әрекеттерімен қорқытып, сауда желісінің аймақтық директорынан бопсалау арқылы 50 миллион теңге көлемінде ақша талап ете бастаған. Алайда оларды Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері бопсаланған 5 миллион теңгенің бір бөлігін беру кезінде ұстады» деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 94 бабы 2 бөлігінің 2 тармағы «Бопсалау» бойынша жедел-тінту шаралары мен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін Орал қаласының төрт тұрғыны кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Олар қомақты сома мен қымбат смартфондар бопсалаған. Кәсіпкерлер оларға барлығы 10 миллион теңгеге жуық ақша берген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық