СҚО-да сабақ үстінде химия мұғалімінің беті күйіп қалды
Фото: Pixabay
Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка қаласындағы К.Салықов атындағы мектепте химия сабағында тәжірибе жасау кезінде беті мен мойнын термиялық күйік шалған мұғалім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқыс оқиға 9 сынып оқушыларына сабақ өткізіп жатқан кезде болған. Химиялық тәжірибе кезінде жарылыс болып, мұғалімнің киімі тұтанған. Салдарының беті, қолы, мойны мен кеуде тұсын күйік шалған. Отты оқушылардың бірі сөндірген. Басқа зардап шеккендер жоқ.
«Мектеп директоры міндетін атқарушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Химия пәнінің мұғалімі жұмысқа шыққаннан кейін сабақ үстінде қауіпсіздік техникасын сақтамағаны үшін жазаланады. Барлық білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметкерлермен еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізілді», — дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Жүнісова.
Полиция департаменті тексеріс жүргізіп, жинақталған Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне жолданды.
Автор: Ханшайым Байболова
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық