СҚО-да лауазымды тұлғалар су тасқынына дайындық жұмыстарын ұйымдастырмаған
Фото: pixabay.com
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша заңдылықтың жай-күйін талдау кезінде "Азаматтық қорғау туралы" заң талаптарының өрескел бұзылғандығы анықталды.
Айыртау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары тасқын су басатын елді мекендерден қар шығару жұмыстарын ұйымдастырмаған.
Заң талаптарын бұза отыра, бұл ауданда жауапты тұлғалар облыстық және аудандық маңызы бар жолдардағы су ағатын құбырларды тазалау жұмыстарын жүргізбеген.
Осындай бұзушылықтар Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Есіл аудандарында анықталған.
Тимирязев ауданында заң талаптарын бұзып, инженерлік техника мен инертті материалды алуға шарт жасалмаған.
Сонымен бірге Мәмлүт, Ғабит Мүсірепов, Шоқан Уәлиханов аудандарының жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары қорғаныш топырақ үйіндісін нығайту және су ағатын құбырларды орнату бөлігінде 2024 жылғы су тасқынына дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарының іс-шараларын орындамаған.
Қадағалау органы шаралары бойынша жергілікті атқарушы органдар бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Жүргізілген талдау нәтижелері 5 наурызда облыс прокуроры Қ.Әбдіхановтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңесте талқыланып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты лауазымды тұлғалар тыңдалды.
Отырыс нәтижесінде су тасқынының қауіпсіз өтуіне және төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды жүргізу туралы бірлескен шешім қабылданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық