СҚО-да көпір опырылып, жүк көлігі өзенге құлады
Фото: Видеодан алынған кадр
Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылды жалғайтын көпір опырылып түсіп, жүк көлігі өзенге құлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқыс оқиға кеше, сәрсенбі күні Ғабит Мүсірепов ауданында болған. Жергілікті аудан әкімдігі жағдайға түсініктеме берді.
«18 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда «Shaсman» автокөлігі жолды қысқарту мақсатында қолдан құрастырылған осы өткелмен өткен. Өткел Бірлік және Нежинка ауылдары арасында орналасқан, бірақ ресми түрде автожолға жатпайды. Өткел ауыр салмақты көтере алмай, салдарынан жүк көлігі аударылып түскен. Ешкім зардап шекпеді» деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
Мәліметке қарағанда, сол маңда жүк көлігін өзеннен шығару жұмыстары жүргізілген. Кейін өткелді жөндеу қолға алыныпты. Бұған қоса, әкімшілік мәліметінше, көпір құрылысының жобасы дайындалды. Қазір ол мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық