СҚО-да айуандықпен бір отбасын қырып кеткендерге қатысты апелляциялық шағым түсті
Фото: Orda.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Приходченконың отбасын өлтіру фактісі бойынша көптеген наразылықтарға сүйене отырып, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қанды оқиға 2023 жылдың 27 желтоқсаны күні Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында болған. Жерлеу рәсімі бағытындағы бизнес ақшасына құныққан әйел екі адам жалдаған. Олар 17 жастағы ұл мен оның әке-шешесін айуандықпен өлтіріп кеткен. Отбасының тұңғыш қызы Татьяна Приходченко ғана тірі қалған. Күдіктілер көп ұзамай ұсталды.
«Азамат «E»-ні өмір бойына бас бостандығынан айырылып, азамат «О» 21 жыл 8 ай мерзімге, азамат «С» 3 жылға сотталды» делінген сот шешімінде.
Ата-анасы мен бауырынан айырылған бойжеткен 14 қарашада әлеуметтік желілерде бейне үндеу жасады.
«Менің атым Татьяна Приходченко. Мен қоғамға, құқық қорғау органдарына әділдік сұрап, үндеу жасағым келеді. 2023 жылдың 27 желтоқсанында Петропавлда менің отбасымды өз үйімізде аяусыз азаптап өлтіріп кетті. Бір сәтте анамнан, әкемнен және інімнен айырылдым. Бұл жағдай менің жүрегімді қарс айырды. Мен ең жақын адамдарымнан айырылдым. Тергеушілер мен прокурор барлық күдіктілерді дұрыс айыптады деп санаймын. Сотта олардың кінәсі туралы жеткілікті дәлелдер болды. Бірақ бір-біріне қайшы келетін жанама дәлелдер мен айғақтар арқылы ғана сот арандатушыны ақтап отыр», - деді қыз.
Ал «О» және «С»-ға қатысты жазаның жеңіл болуына орай облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді. Осыған байланысты 2024 жылдың 12 қарашасында облыстық сотқа апелляциялық шағым жіберілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық