СҚО Білім басқармасы Петропавлда мектеп оқушысының соққыға жығылғанына қатысты түсініктеме берді
Ведомствоның мәліметінше, бұл факт мектептің әлеуметтік педагогы тарапынан әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Мектеп әкімшілігі 2025 жылдың 12 мамырында оқиға туралы ақпарат алғаннан кейін дереу әрекет етіп, құқық қорғау органдарына хабарлаған.
Оқиғаға қатысы бар алты кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты материалдар жиналып, олардың істері Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Комиссия бұл оқушыларды шектен шыққан мінез-құлық танытқан балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберу мәселесін қарастыратын болады.
Құқықбұзушылық фактісі ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қорқытып алу» бойынша Петропавл қаласы Полиция басқармасының ЕРДР-не тіркелген. Бұл бап үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ мүлкін тәркілеуді көздейді.
Мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі инспектордың қатысуымен кезектен тыс кеңес өткізілді.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Зардап шеккен қызға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Петропавлда болған оқиға жайлы толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық