Скляр Қарағанды-Балқаш жолын қайта құруды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
Фото: primeminister.kz
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды-Балқаш» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары барысымен танысты. Роман Скляр жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Скляр «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту үшін Қарағанды-Балқаш тас жолының маңызы зор екеніне тоқталып, жол құрылысы жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуді және биылғы жылдың соңына дейін жолды қайта жаңғыртуды аяқтауды тапсырды.
Қазір мердігер жабынның үстіңгі қабатын төсеп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Ерлан Жұмағұлов тас жолдың барлық ұзындығында айналма жолдар жоқ, көлік қозғалысы қалыпты жағдайда жүріп жатқанын айтты.
Жұмабек, Ақсу, Ақшатау, Ақсу-Аюлы елді мекендері мен Балқаш қаласына бес айналма жол салынды. Мердігер Балқаш ауданында көлік айрығы мен темір жол арқылы өтетін эстакаданың құрылысын аяқтады. Мұнда ауылшаруашылық техникасы өтетін 32 жол өтпесі мен 11 көпір салынып, қолданыстағы инженерлік желілер қайта салынды.
Бірінші вице-премьер Балқаш қаласындағы жылу беру маусымына дайындық барысын да тексерді. Роман Скляр жылу желілері мен қалалық жылу электр орталығының қайта жөндеуден өткен учаскелерін аралап көрді.
2021 жылдан бастап қалада ұзындығы 10,6 шақырым болатын магистральдық жылу желілері қайта жаңартылуда. Жылумен қамту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жұмыстарды биыл аяқтау жоспарлануда. Магистральішілік және блокішілік жылу желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 25 шақырым жылу желілері ауыстырылады.
Жылу беру маусымының басына қарай жылу электр орталығы төрт қазандықпен жұмыс істейді, бұл тұрғындардың үйлерін тұрақты жылумен қамтуды қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
- «Бұл – отбасылық мәселе»: Министрлік сәбиін қолына ұстап курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты
- Бір палаталы парламентке көшу: Тоқаев екі маңызды заңға қол қойды
- Әскерде сарбаздарға психологиялық бейімделуге екі апта уақыт беріледі
- Үйіндегі шкафта есірткі өсірген балшы ұсталды
- Италияда қазақстандық студенттің мәйіті табылды
- Қазақстанда Ауғанстанға көмек көрсететін БҰҰ өңірлік орталығы ашылады
- ҚазТАГ агенттігі басшыларына қатысты сот процесі неге кейінге шегерілді?
- Қазнет іздеген курьер-ана табылды
- АҚШ шабуылынан кейін: Иран Иордания, Кувейт және Бахрейндегі америкалық базаларға соққы жасады
- Қазақстандықтарға банк қосымшалары арқылы салық органдарынан хабарлама келуі мүмкін
- Үш ел Израиль-Палестина бейбітшілігін қолдауға арналған арнайы қор құрды
- Қытайдың оңтүстігінде болған жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапты
- АҚШ Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққылар жасай бастады
- Шахматшы Бибісараға қатысты дауға министрлік жауап берді
- Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
- Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрады
- Парсы шығанағы елдері Иранның Иордания, Кувейт және Бахрейнге жасаған шабуылдарын айыптады
- Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты
- Қазақстандағы несиелерге не болып жатыр: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді
- Арқалықтық блогер әйелдерге қатысты жыныстық қылмыстар үшін 10 жылға сотталды