Әскери киіммен ел алдына шыққан Ақтөбе әкімі әрекетін түсіндіре алмай отыр
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің әскери шені бар ма? Қаланы әскери киіммен аралаған шендінің киім үлгісіне қатысты жауапкершілік қарастырыла ма?
Telegram желісіндегі kozachkoff парақшасы әскери формадағы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің фотосын жүктеді.
«Консилиумге жиналып, Ақтөбе облысының әкімі Оразалиннің кімнің формасында жүргенін анықтай алмай отырмыз. Әскерилердің айтуынша, олардың камуфляжы емес. ТЖМ де жоққа шығарды. Шекара қызметінің не Ұлттық ұланның шевроны.
Осы жерде орынды сұрақ туындайды. Мәселен, егер бұл ҰҚК-нің формасы болса, облыс әкімінде ол қайдан жүр және көршілерінің қайсысымен ұрыспақшы?» деп жазды kozachkoff.
Жазба желі оқырмандарының қызу талқысына түсті. «Украинаға жасаған қолдау», «Фараон камуфляжы», «Қазақстан шекара қызметі» деп желі қолданушылары жарыса жазды. Пікірлер арасынан әскери полицияның «Қандай камуфляждық форманы Қазақстан азаматтары кие алмайды?» деген әскери тәртіпті де табуға болады.

Талап бойынша әскери қызметке қатысы жоқ қазақстандықтардың камуфляждық киімдеріндегі белгілерді: шеврондар, погондар және Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін білдіретін басқа да жолақтарын алып тастауы керектігі түсіндірген.
Сонымен қатар, Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, арнайы киімде азаматтың қандай да бір әскер түріне қатысты екенін анықтайтын погондар мен шеврондар болса ғана ол әскери киім болып есептелетіні айтылған.

Желіде қызу талқыға түскен Оңдасын Оразалиннің киіміне қатысты әкімдік пікірін сұрадық.
– Оған біз пікір білдірмейміз. Ешқандай жауап жоқ. Қандай әскери қызметке тиесілі екенін білмеймін, қасында болған жоқпын, - деді Ақтөбе облысы баспасөз қызметінің өкілі Мұратбек Ержақып.
Белгілі болғандай, әскери киімдегі өңір басшысы ТЖД-нің су тасқынына қарсы өткізген оқу-жаттығу шарасына қатысқан.
Бұл жағдайға «әскери прокуратура қандай құқықтық баға береді?» деген мәселені де көтердік.
– Егер ол кісі бұрын әскери қызмет атқарған болып, запастағы адам болса, рұқсат болуы мүмкін. Егер запаста болмаса әскери полиция арқылы қарайық. Негізі әрбір адамның жауапкершілігі қаралады, - дейді Ақтөбе гарнизоны әскери прокурор орынбасары Роллан Жанысбаев.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық