Әскери бөлімшеге жеткізілген сапасыз комуфляж дауы
Камуфляж астындағы жанжал. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ) тапсырысты орындауға байланысты жанжал туындады.
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы. 65476 ә/б қабылдау комиссиясы өлшеу жүргізе отырып, Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне «Гаухар тігін фабрикасы» ЖШС мамандарымен жеткізілетін бүркемелеу жабындылардың көптеген кемшіліктері анықталды және қабылдау актілеріне қол қоюдан бас тартылды.
Әскери полиция қызметкерінің баяндамасы және лауазымды тұлғалардың мөрлері мен қолтаңбаларына сәйкес келмейтін актілердің көшірмелері сатып алу деңгейінде әлі де көптеген мәселелер бар екенін растайды. Мәселен, өткен жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасы ИИДМ мемлекеттік қорғаныс тапсырыс комитеті» РММ мен «Гаухар тігін фабрикасы» ЖШС арасында жалпы сомасы 111 млн теңгеге 300 дана камуфляж жиынтығын жеткізуге №135-ДИВ шарты жасалды. Әскери мақсаттағы тауарды жеткізу мерзімі 2020 жылғы 30 қарашаға дейін белгіленді. Тігін фабрикасы тауарларды мерзімінен бұрын екі траншпен жеткізді. Бірақ, 65476 ә/б қабылдау комиссиясының мүшелері осы камуфляж жиынтықтарын қарап, қажетті өлшеулер барысында келіспеушілік білдірді.
65476 ә/б қабылдау комиссиясының төрағасы подполковник Аяпов қол қойған үш актінің бірінде:
– Қолданыстағы №135 шарт бойынша техникалық ерекшелікке сәйкес торлы негіз шіруге келмейтін синтетикалық полиамидті үлдір сымнан жасалуы тиіс. Бірақ жеткізілген жиынтықтарда тор негізі мақта шнурынан жасалған.
Жабынның дала түстерін қайталайтын үш түсі болуы керек. Ал төменгі жағы - дала емес, шөлге ұқсайтын түс. Қапшағай гарнизонының әскери полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұйымның мөлшері шарттық міндеттемелерге сәйкес келмеген. Баянатта «фототаблица құрастыра отырып, бүркемелеу жиынтықтарын өлшеу барысында әрқайсысы 1 метрден 60 см-ге дейінгі өлшемдер бойынша сәйкессіздік анықталды», деп көрсетілген. Яғни, бұл камуфляж келісімшарт талаптары бойынша саперлер күткеннен әлдеқайда кішкентай болды.
Акттар түсте жоғалды
Тауардың сәйкессіздігі актісінде «тығыздығы 70-80% болуы керек, бірақ жеткізілген камуфляж жиынтықтарында бұл тығыздық 60%. Сапа сертификаттары, құжаттама жоқ. Маскировка матасы торлы негізде тігілуі керек еді. Камуфляж жабыны торлы негізде ақ жіптермен тігілген. Бұл әскери саперлер үшін қолайсыз түстер», делінген.

65476 ә/б командирі подполковник Мұхамадиев сол күні жеткізушіге олардың «сәйкес келмейтін» тауарларын қайтаруға тырысты, содан кейін тігін фабрикасының басшылығы оған қысым жасай бастады. Тіпті қандай да бір себептермен әскери емес «кураторлар», тігін фабрикасының мүддесін қорғай бастады. Барлық жағынан соққылар офицерге тиді. Қолданыстағы шартқа қосымша келісім бекітілді, оған сәйкес техникалық ерекшеліктерді нашарлататын елеулі өзгерістер енгізілді.
Мәселен, 2020 жылғы 30 желтоқсанда 65476 ә/б-ге қосымша
тактикалық-техникалық сипаттамасына өзгерістер енгізілген №573-ДИВ келісімі бар. Мысалы, «жабынның түсі – үш түсті» пункті - «алдыңғы жағы үш түсті» деп ауыстырылған. Ескі талаптар өзгеріске ұшырады. Мәселен, «жамылғы жағының түсі – дала» деген сөзге «сырт жағы – сарғылт монофониялық» деген өзгеріс еңгізілді.
Яғни, тігін фабрикасы түпкілікті есептеуді алуы үшін бөлім командирін қабылдау актілеріне қол қоюға мәжбүрлеу әрекеті болды. Бірақ подполковник Мұхамадиев пен қабылдау комиссиясының мүшелері ешқандай құжатқа қол қоймады. Өйткені, камуфляж жиынтықтары «техникалық сипаттаманың талаптарына сәйкес келмеді және қолдануға жарамсыз» деп танылды.
Түпкілікті есеп алу үшін «Гаухар» тігін фабрикасы әскери бөлімнің мекен-жайына сынақ хаттамасын жіберді. Онда «Теск» ЖШС камуфляж жиынтықтарының сапасын растады. Бірақ әскери бөлім командирі азаматтық сынақ орталығының құзыреттілігіне күмәнданып, әскери мақсаттағы бүркемелеу жиынтықтарын сынауға аккредитациясы жоқ екендігіне алаңдаушылық білдірген кезде, оған қайтадан қысым жасала бастады.
Бұдан басқа, ORDA. редакциясына билік ведомствосындағы сенімді дереккөзден белгілі болғандай, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының бұзылуына қарамастан, ҚР ИИДМ ГОЗ комитеті «Гаухар тігін фабрикасы» ЖШС-ға ұқсас тауарды жеткізу бойынша 2021 жылға арналған конкурсқа қатысуға қайтадан рұқсат берді (!) тіпті алдын-ала мәліметтер бойынша бұл компанияны жеңімпаз деп анықтады. Бұл қалай мүмкін болды?!
Мемлекеттің қорғаныс қабілеті әскери бөлімшелерге мәлімделген шарттық міндеттемелерге сәйкес келмейтін өнімдер түскен кезде зардап шегетіні түсінікті. Қарулы күштер оларды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін тек қана сапалы өніммен қамтамасыз етуге міндетті.
ORDA. Бас әскери прокурор осы мәселелерге назар аударып, тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенеміз.
Авторы: Елтебер Ашина
Аударған: Мухит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық