Әскерге тартылғандар мен полицейлер арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желіде бір азаматты полицейлер күштеп әскерге жібермек болып, күртешесін жыртып тастағанын айтқан видео тарап жатыр. Бұл жағдайға Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде түсініктеме берді.
Видеода полиция қызметкерлері мен азаматтық киімдегі ер адам бейнеленген. Жазба авторы Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде видео кейіпкерлері оған жақындап, құжаттарын көрсетуін сұрағанын, кейін оны күштеп әскерге алып кетпек болғанын алға тартты.
Сонымен бірге олар оған күш қолданып, дөрекі түрде сауда орталығынан алып шығып, күртешесін жыртқан. Жігіт не болып жатқанын видеоға түсіріп, прокуратурамен қорқытқаннан кейін оны тастап кеткенін айтты. Видео авторы жігіттің отбасылық себептермен әскери қызметтен кейінге қалдырылғанын мәлімдейді.
Бейнежазбаға Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство қызметкерлері видео авторына қарсы ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын алға тартты.
«2021 жылдың 22 қарашасынан бастап Қазыбек би аудандық қорғаныс бөлімінің әскери қызметкерлері халық көп шоғырланған жерлерде учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Оның барысында бұл шақырылушының жолы кесілді. Олар бұл әрекетті орындауға тырысты. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Бірақ ол агрессия танытып, полиция қызметкерлерін арандата бастады. Ешкім оның күртешесін жыртпады. Оған қатысты заңсыз әрекеттер жасалған жоқ» деді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ министрлік ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 1994-2003 жылдары туған азаматтарды ҚР Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталғанын қосты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық