Әскерден кейін алжасқан сарбаздың жағдайы оңалды
Әскерден есінен алжасып оралған 19 жастағы Ренат Жеткергеновтің жағдайы оңалды. Ол Қызылорда психиалық-денсаулық орталығынан емделіп шығып, қазіргі таңда есін жинаған.
Ренат орталықтан шыққаннан кейін алғаш рет ата-анасын таныған. Анасы Айғаным Ізбасарова ұлының дерті қайталана ма деп, оған артық сұрақ қоймайтынын жасырмады.
«Ауруханадан шыққанына 5 күн болды. Ауруы күшейіп кете ме деп одан ештеңе сұрамаймыз, мазалаудан қорқамыз. Дәрі-дәрмегін береміз. Басынан өткен сұмдықты еске түсірмеуге тырысамыз» деді Ренаттың анасы Айғаным.
Ренаттың жағдайына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Енді ол сараптамалардан өтуі керек.
«Ренатқа сот тергеуі аясында бірқатар сараптама тағайындалды, бірі Алматыда өтеді. Ол үшін Ренат Жеткергеновті Қызылордадан Алматыға алып бару қажет. Бірақ оған 500 мың теңге керек. Бұған жол жүру, Алматыда тұру, тамақ кіреді. Ата-анасында мұндай ақша жоқ» дейді Жеткергеновтар отбасының адвокаты Нұржамал Баянова.
19 жастағы жігіттің ата-анасы сараптама шығынын кінәлі тарап өз мойнына алса деп ниет білдірді.
«Отбасымызда не болғанын, қандай қиын жағдайда тап болғанымызды бәрі біледі. 3-4 ай бойы ақысыз демалыстамын, мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Күйеуім жұмыссыз. Шынымды айтсам, Аралдан Қызылордаға бару үшін көп қаражат кетті. Ренат ауруханада жатқан облыс орталығында тұру да қымбат болды. Сондықтан сараптамаға бару үшін ұлым борышын өтеген 25744 әскери бөлімі шығынды өтеуі керек. Сол жерде ол осы жарақаттарды алды» деді Айғаным Ізбасарова.
Отбасының адвокаты Баянова осындай ұсыныс бойынша ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Марат Құсайыновтың қабылдауына жазылған.
Еске салсақ, 19 жастағы Ренат әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін ата-анасын танымай қалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық