Өскеменде сот сараптамасы орталығының бастығы сотталды
Өскеменде облыстық сот сараптамасы орталығының басшысы мен оның қарамағындағы қызметкерлерге үкім шығарылды.
Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Сот материалдарына сәйкес, орталық басшысы марқұмдардың туыстарынан тексерісті жеделдету үшін пара алған. Қызмет құны 128 мың теңге. Қызмет ішіне мәйітті жуу мен оны киіндіру кіреді. Оған бөлек төлем жасалады. Ең қызығы, бұл қызметтердің төлемі кассаны айналып өткен.
Патолог заңсыз кәсіпке тағы төрт қызметкерді тартқан. Бір жылда олар 1,5 млн теңге табыс тапқан. Енді олардың барлығы нақты мерзімге сотталды.
– Соттың үкімімен сот сараптамасы орталығының бастығы, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көмектескен төрт адам кінәлі деп танылып, сотталды. Басшыға көмек көрсеткен бағыныштылар бір жылға бас бостандығын шектелді. Сараптама орталығы жетекшісінің өзі жиынтық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, - дейді Өскемен қаласының №2 қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Тельман Әлімханов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық