Өскеменде полицейлер заңсыз жұмыстан шеттетілді
Фото: Orda.kz
Бұрынғы жергілікті полиция қызметкерлері жұмыстан заңсыз босатылғаны туралы сотқа арыз түсірді. Олардың айтуынша, басшылық оларды қателесіп қызметтен алып тастаған.
Алайда, облыстық полиция департаменті мүлде басқаша дейді. Олар экс-қызметкерлер тәртіп бұзғанын алға тартты.
Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, Еркебұлан Ержанов 15 жылын құқық қорғау қызметіне арнаған. Ол учаскелік полицей болып жұмыс істеген. Экс-полицей басшылық оны және оның әріптестерін заңсыз жұмыстан шеттеткеніне сенімді.
Бір күні полицейлер дүкен иесі кешкі сағат 22:00-ден кейін алкогольді ішімдік сатқаны үшін тіркеуге алғанынан басталған. Кәсіпкер оны учаскелік қызметкерлер ұйымдастырып, артынша ақша бопсалағанын айқан. Дүкен иесі шағымын әлеуметтік желіде жариялаған. Тексеру басталды. Бірақ кейін іс жабылып, учаскелік полиция қызметкерлері жұмыстан босатылған. Алайда бұрынғы полицейлер тұрғындардың прокуратураға жазған арызы бойынша жұмыс істеп жатырмыз дейді. Оған қоса, олар кәсіпкер керісінше, ақша ұсынғанын алға тартты.
«Ол бізге жала жауып жатыр. Қылмыс құрамы болса, қылмыстық іс сотқа дейін барар еді. Бірақ қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Пара алмағаным үшін жұмыстан қуғанын енді түсіндім. Мен оны алсам, жұмыста қалатын едім» дейді бұрынғы учаскелік полицей Еркебұлан Ержанов.
Полицейлердің жұмыстан шеттетілгеніне алты ай өтті. Олар кәсіпкер жала жауып отырғанын дәлелдеу үшін сотқа жүгінген. Бірінші сотта полицейлер жеңіліп қалды. Бірақ олар апелляциялық шағым түсірген.
Мейіржан Махмұтовтың айтуынша, олардың ары кетсе шенінен төмендету керек еді дейді.
«Отбасымды көрместен жұмыс істедім. Таң атқанда жұмысқа кетіп, кеш батқанда келетінмін. Аптасына жеті күн жұмыс істедім. Бүкіл өмірімді жұмысқа арнадым» дейді бұрынғы учаскелік полицей Мейіржан Махмұтов.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұрынғы қызметкерлерінің теріс қылықтары ішкі істер органдарының беделін түсіретінін айтып, сот отырысынан кейін түсініктеме бере алмайтындарын айтты.
Бірақ бұрынғы қызметкерлер әділдік іздеп, облыстық сотқа үміт артып отыр. Егер онда да олардың жан айқайына ешкім құлақ аспаса, олар Жоғарғыға Сотқа жүгінуге ниетті.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді