Өскеменде оқушы мектепке бармау үшін 111-ге хабарласқан
Өскеменде 12 жасар қыз сабаққа бармау үшін өтіріктен «оны ұратынын» айтқан.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
18 қазанда Өскемен қаласының 102 жедел арнасына Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар қызметінің психологынан хабарлама келді. Елордалық маман республикалық жедел жәрдем арнасы арқылы олармен Өскемен қаласының 12 жасар оқушысы хабарласқанын айтты. Жасөспірім ата-анасы оны және сіңілісін ұрып жатқанын айтып, шағымданды.
– Жергілікті полиция жедел тергеуге кірісті. Ювеналды полиция тобының тексеруі кезінде кәмелетке толмаған бала бұл оқиғаны мектепке бармау үшін ойлап тапқаны анықталды. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған баланың анасы оны қосымша сабақтарға жаздырған. Бірақ қыз оған барғысы келмеген, сондықтан осы оқиғаны ойлап тапқан, - дейді Өскемен полиция бөлімінің бастығы Андрей Мула.
Белгілі болғандай, қыз желіден 111 сенім телефонының нөмірін тапқан.
Полиция кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар қызбен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізгенін айтты.
Бұл жолы оқиға «ескертумен» шектелді. Дегенмен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы («Арнайы қызметке қасақана жалған қоңырау шалу») бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық