Сіздерге қан керек пе, әлде адамның басы керек пе? – Бақтияр Артаев
2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері, Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті, Қазақстанның бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктер туралы айтты. Журналист Нартай Аралбайұлы спортқа бөлінген қыруар ақша, жемқорлық, жарыстарға тек тамыр-таныс арқылы апару туралы түрлі сұрақтар қойды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Сіз «мүмкін дайындық өтіп кеткен шығар, мүмкін шаршап келген шығар» дедіңіз. Осының бәріне жауапты адамдар бар ғой. Физиотерпаевт, массаж істеуші, жаттықтырушы, бас жаттықтырушы. Солар қайда, орнынан алайық.
– Сіздер неге асыға бересіздер? Мен түсінбей отырмын, сіздерге қан керек пе, әлде адамның басы керек пе? Асықпасаңыздаршы. Бұл спорт, асығамыз деп күйіп отырмыз. Сіздер білмейсіздер ғой, біз жұмыс істеп жатырмыз. Психологиялық қысым – қазақтардың сабырсыздығы. Бізде өзімізді көре алмайтын жаман қылық бар, - деді Артаев.
– Азия чемпионатына барсақ әділетсіздік, анда барсақ тағы әділетсіздік болады. Біз бокста сонша бейшарамыз ба?
– Біз бейшара емеспіз, кең байтақ еліміз бар. Әр сөзге жабысатын қазағыңнан айналасың кей кезде. Ашығын айту керек, бізде жүйелі жұмыс жасалмаған. Тимур Құлыбаев кеткен кезде қаржы бөлу мәселесі тоқтады. Биылғы жылы бокс федерациясына мемлекеттен бір тиын қаржы бөлінген жоқ, - деді Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық