Сириялық босқындарға қарсы Түркияда жаппай тәртіпсіздіктер орын алды
Түркия астанасында сириялық босқындарға қарсы шыққан жаппай тәртіпсіздіктер басталды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Сириялықтардың елге қоныс аударуына наразы тұрғындар мигранттарға тиесілі дүкендерге, көліктерге және басқа да мүлікке шабуыл жасай бастады. Оқиға Анкара қаласындағы төбелес кезінде сириялық босқынның екі түрік азаматын пышақтағанынан кейін басталған. Жарақат алған бір түрік азаматы қайтыс болды, екіншісі жаралы. Екі сириялық босқын да қамауға алынды.
Ankara Altındağ'da Emirhan Yalçın isimli gencin bıçaklanarak hayatını kaybetmesiyle başlayan olaylar büyüyor. Mahalleli Suriyelilere ait bir dükkanı kullanılamaz hale getirdi. pic.twitter.com/4NuDHlBXWG
— Aykırı (@aykiricomtr) August 11, 2021
Әлеуметтік желіде тарап жатқан фото мен видеоларға сәйкес наразы тұрғындар полиция қоршауын бұзып өтіп, үйлер мен дүкендерге тас лақтырып, көліктерді қирата бастаған.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары аспанға оқ атып, тоқтатпақ болған. Қазіргі таңда тәртіпсіздікке қатысқан 76 адам ұсталған. Анкара полициясының хабарламасына сәйкес, ұсталғандардың арасында 38 азаматттың бұрын істі болғаны анықталды. Оның ішінде ұрлық, зорлық жасағандары да бар.
Riots continue in some parts of Ankara: pic.twitter.com/Z22YHjht3Q
— Rojava Network (@RojavaNetwork) August 11, 2021
Биліктегілер мигранттар тұратын ауданға тұрғындарды сабырға шақыру үшін арнайы жасақ жіберген, ал сириялық босқындарды басқа елді-мекенге эвакуациялаған. Бірнеше сағатқа созылған қақтығыстан кейін тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қалыпқа келтірді.
Түркия 3,7 миллионға жуық сириялық босқындарды қабылдайды деп хабарланған, ал соңғы толқулар ауғанстандық босқындардың Ираннан Түркияға келуінен туындауы мүмкін екені де айтылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық