Сирияда отырып Қазақстанға теріс дінді насихаттаған әйел жеті жылға сотталды
Фото: Gerd Altmann / Wikimedia Commons, CC0
Жезқазған қаласының соты Сирияда отырып, бір жыл бойы Қазақстанға экстремистік материал жіберген әйелді жеті жылға соттады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сирияға кеткен Жезқазған қаласының тумасы Telegram арқылы Сәтпаев қаласындағы туысына радикалды діни материалдар жіберіп отырған. Сотта ол кінәсін мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады. Алайда судья прокурор сұраған жазаны тағайындады.
«ҚК 256-бабы 2-бөлігі (Терроризмді насихаттау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық ауыр қылмыстар қатарына жатады. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Сот жазаны қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарап және қоғамға қаншалықты қауіпті екенін ескере отырып тағайындады», деп түсіндірді Ұлытау облыстық соты.
Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар. Олар қамқорлық жасайтын органдарға тапсырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, Бағдат түрмесінде терроризмге көмек көрсету айыбымен өмір бойына сотталған алты қазақстандық әйел бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық