Сирия президенті лаңкестерге рақымшылық жариялады

cover Cурет ашық дереккөздерден алынды

Сирия президенті Башар Асад лаңкестік әрекеттерге қатысқан азаматтарға жалпы рақымшылық жасау туралы жарлық шығарды.

SANA агенттігінің хабарлауынша, қаулы 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін өлімге әкеп соқпаған террористік құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жазадан босатады.

Анықталғандай, жәбірленушілер сот ісін қозғау құқығын сақтайды.

Бұған дейін Асад әскери қызметтен жалтарған сириялықтарға, соның ішінде дезертирлерге рақымшылық жасаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар