Синоптиктер 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер Қазақстанда 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
– Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және Қарағанды облысында қар жауады. Түнде Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, шығыста және республика орталығында бұрқасын соғады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжауынша, Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман мен шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстан облысында, Алматы облысында тұман.
Қызылорда облысында және Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Қарағанды облысында көктайғақ болып, қар жауады, солтүстік пен шығыста тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады және екпіні 15-20 м/с жететін жел күшейеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық