Синоптиктер 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Фото: ашық дереккөз
Синоптиктер 2022 жылдың 27 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
– Республиканың батыс және оңтүстік аудандарында күн шуақты және ыстық ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағындағы ауа райын атмосфералық фронталды бөліктер қалыптастырады, сондықтан найзағаймен жаңбыр жауады және жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы сағаттарда топырақ бетін үсік шалады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ҚР қалған аумағында бұлтты және құрғақ ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
– Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады. Ауа температурасы күндіз +25...+27°С жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +12...+ 14°С, күндіз +26...+28°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, түнде ауа температурасы +14...+ 16°С, күндіз +31...+33°С.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық