СІМ ресми өкілінің талибандармен түскен суретіне желі реакциясы
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың талибан* өкілдерімен түскен суреті әлеуметтік желіде тарады. Қолданушылар суретке бірден өз пікірлерін жаза бастады.
Orda.kz желі қолданушыларының реакциясын бір топтамаға жинады.
17 қазан күні қазақстандық делегация «Талибан» * басшыларымен кездесті. Кездесуден керемет әсер алған СІМ өкілі Айбек Смадияров өз парақшасында жазба қалдырды.
«Кабул шуақты ауа-райымен қарсы алды. Ауғанстан қызық ел. Өзінің көпжылдық тарихымен» делінген жазбада.

Жазбада жарияланған суреттердің ішінде ең көп пікірге ие болған Смадияровтың қос бүйіріндегі мылтық ұстаған талибан* өкілдері.

Orda.kz сайтының сұрағына жауап берген Смадияров жазбасында ешқандай ерекшеліктің жоқ екендігін алға тартты. Бір қызығы жазба жарияланған сәттен бірнеше сағаттан соң, ол дәл осы суретті өз парақшасынан өшіріп тастаған. Оны табу мүмкін болмады.
Айта кетейік, Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі Талибан* өкілдерінің қорғауында.
Бұл сурет бойынша халық шығармашылығын күту ұзаққа созылмады. Иллюстратор Мұрат Ділманов пайдаланушыларға фотосуреттің түсіндірмесін көрсетті.
Әлеуметтік желінің кей пайдаланушылары «баспасөз хатшысының Талибан* өкілдерінің жанында тұруы қорқынышты ма ?» деп сұрауда. Кейбіреулер фотосуретке наразылықтарын танытты.
— «Осылай біз өз беделімізді түсіреміз», «Суретке қарасам, ол тұтқынға түскендей», — деп жазады қолданушылар.
— Мемлекеттік хаттамада делегация болды. Ал бұл мемлекеттік қызметшілер емес... Террористік ұйым деп танылған күзетшілерімен суретке түсу — баланың ісі... тек «хайп» ұстап, ғаламторға салу... көрегендік емес , — деп жазады Марат Отарбаев атты қолданушы.
СІМ-нің ресми өкілінен басқа, «Хабар24» телеарнасының тілшісі Жасын Біркенов те тәліптермен түскен фотосын жариялады.

Ақорда хабарламасында Талибан* қозғалысына Қазақстанда тыйым салынғаны айтылмаған, тәліптерді «Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері» ретінде таныстырған.
Қазақстанның кейбір мемлекеттік БАҚ өкілдері «Талибанды» тыйым салынған ұйым ретінде атауды тоқтатты.
Қазақстанда «Талибан»* қозғалысына 2005 жылғы 15 наурыздағы Жоғарғы Соттың шешімімен тыйым салынған. Ол тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізілді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Талибанды 2003 жылы террористік тізімге енгізді.
Осы жылдың тамыз айында Талибан Ауғанстанды басып алды. Олар билікке заңсыз келді. Билікке келгеннен кейін, сот және тергеусіз көпшіліктің көзінше дарға асу тәжірибесін қолдана бастады. «Талибан» содырлары музыканттарды ұрып, аспаптарды өртеп, музыканы тыңдауға тыйым салды. Жүздеген музыканттар өз өмірлері үшін қорқып, елден кетуге мәжбүр болды. Мыңдаған ауғандықтар Талибан режиміне бола елден қашты.
Сонымен қатар, «Талибан»* әйелдерге сыртқа шығуға тыйым салды. Оларға кейбір жұмыс түрлеріне, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеуге, спортпен шұғылдануға, университетте оқуға немесе сабақ беруге тыйым салынды.
Талибан* - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық