СІМ Еуропалық парламент қарарына жауап берді
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Еуропалық парламенттің Қазақстан бойынша қабылдаған қарары түсінбестік тудыратынын айтты. Министрліктің мәліметінше, мұндай қарарларды Еуропалық Парламент халықаралық күн тәртібінің түрлі мәселелері бойынша айтарлықтай тұрақты түрде қабылдайтынын есте ұстаған жөн.
Айбек Смадияров Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған демократиялық реформаларды қолдайтынын атап өтті. Осыған байланысты жаңа қарардың мәтінінде пайдаланылған мәліметтердің нақтылығына қатысты Қазақстанда түсінбестік туындаған.
«Еуропарламенттің бірқатар мүшелері еліміздің дамуындағы өзекті үрдістерге қатысты оң пікірлеріне қарамастан, өздерінің партияларындағы ішкі тәртібіне сәйкес, осы қарарды қабылдауға дауыс берді. Сонымен қатар объективті көзқарастағы бірқатар еуродепутаттар, атап айтқанда Максимиллиан Кра (Германия), Тьерри Мариани (Франция) және Татьяна Жданока (Латвия) Қазақстанды белсенді қорғады», - дейді ол.
СІМ ресми өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, 2019 жылы кең ауқымды саяси реформаларға бастамашы болғанын баса айтты. Атап айтқанда, 2020 жылғы мамыр айында бейбіт жиналыстар, сайлау және саяси партиялар туралы жаңартылған заңдар қабылданып, адам құқықтары саласындағы қазақстандық заңнаманы халықаралық стандарттарға келтіру процесіндегі маңызды қадам болған.
Сондай-ақ, саяси реформаларды талқылау мен әзірлеуде маңызды рөл атқаратын, билік пен қоғамның коммуникациясының тиімді арнасына айналған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қызметі қоғамдық диалогтың дамуына маңызды серпін бергенін алға тартты.
Естеріңізге салсақ, қабылданған «Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы» қарарда соңғы апталарда республикада адам құқығын сақтау саласында, сондай-ақ азаматтық қоғам ұйымдарына қарсы репрессия байқалғаны айтылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық