СІМ: Қазақстандықтар Армения,Беларуссия арқылы Ресейге кіре алмайды
Қазақстандықтар Ресейге Армения мен Беларуссия арқылы барудың жаңа механизмін қолдана алмайды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қаңтардың соңында Ресей үкіметінің бұйрығы жарияланды, оған сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің азаматтары Ресейге Беларуссия мен Армения территориялары арқылы 2021 жылдың 1 ақпанынан 1 наурызына дейін кіре алады.
«Бұл саяхат механизмі Covid-19-ға теріс ПТР сынағының сертификаттарын «Сovid-19» мобильді бағдарламасында тіркеуді қарастырады. Қазақстан оған қатыспайтындықтан Қазақстандықтарға Ресейге Армения мен Беларуссия арқылы кіруі мүмкін болмайды», - деді СІМ.
Министрлік Ресей енгізген мемлекеттік шекараны кесіп өтуге қатысты шектеулер бүгінгі күні де өз күшін жоймағанын атап өтті. Олар Ресейге үшінші елдер арқылы транзитсіз тікелей рейстермен келетін немесе елге кіру үшін тиісті негіздері бар Қазақстан азаматтарына қолданылмайды.
Бүгінде Қазақстан мен Ресей арасында аптасына екі жақтан үш рейс бар (Нұр-Сұлтан - Мәскеу - аптасына екі рет, Алматы - Мәскеу - аптасына бір рет).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық