«Sicim» компаниясының 400-ге жуық жұмысшысы жалақысыз қалды
Бес күнге созылған ереуілден кейін «Sicim» компаниясының 400-ге жуық жұмысшысы жалақысыз демалысқа шығып, тағы 9 адам жұмыстан кету туралы арыз жазды.
Бұл туралы «Мой город» порталына KKS-Sicim жобасының жетекшісі Роза Кагирова хабарлады. Оның айтуынша, компания қызметкерлерімен келісілген барлық жағдай құжатталған.
Атап айтқанда, бұйрықта 1 ақпаннан бастап еңбекақы 20 пайызға көтерілетіні, барлық технологиялық құбыр монтаждаушылар мен темір-темірбетон конструкцияларын монтаждаушылардың сағаттық тарифтік мөлшерлемесі теңестірілетіні, ауысым күндері Ақсай – Орал арасындағы автобус бағыты бекітілетіні айтылған.
Сондай-ақ, 1 тамыздан бастап жұмысшылардың жалақысын тағы 10 пайызға арттырып, құрылыс жұмыстары сәтті аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңында қызметкерлерге орташа жалақы көлемінде үстемеақы төлейтін болған.
— Бүгінгі таңда 400-ге жуық қызметкер өз бастамаларымен жалақысыз демалысқа шықты, тағы тоғыз адам өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Осы күндері 16 қаңтардан бастап бүгінге дейін кәсіпорынның техникалық қызметкерлері (асхана, кір жуу және т.б.) әдеттегідей жұмыс істеді. Барлық жұмысшылар таңғы, түскі және кешкі аспен қамтамасыз етілді, бұл шамамен 1900 адам. Біз өз кезегімізде ереуіл бастамашыларын анықтап, қудалауды көздеп отырған жоқпыз. Ертеңнен бастап халық жұмысқа шығады, - дейді Роза Кагирова.
Естеріңізге сала кетейік, жалақыны 50 пайызға көтеруді талап еткен Sicim жұмысшыларының ереуілі қаңтардың 16-сы күні басталған болатын. Кәсіпорын басшылығы бұған келіспей, ақпан айынан бастап жалақыны 20 пайызға, тамыз айынан бастап тағы 10 пайызға индексациялауға уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық