Си Цзиньпин мен Ердоған Назарбаевқа жеделхат жолдады
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекет басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті.
Elbasy.kz мәліметінше, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай халқының және жеке өзінің атынан Елбасын және барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті басшылығымен осы жылдар ішінде мемлекеттік даму ісінде қол жеткізген жетістіктерді атап өткен.
– Сіздің дана басшылығыңызбен Қазақстан табысты даму жолына түсті және Еуразия өңіріндегі ықпалды мемлекетке айналып, Мемлекеттік құрылыс ісінде тамаша жетістіктерге жетті. Достық көрші және мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қытай бұған шын жүректен қуанышты. Қазақстан мемлекеттің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын табысты іске асыра отырып, елдің әлеуетін нығайтып, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыра беретініне сенімдімін, - делінген Си Цзиньпиннің жеделхатында.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына жылы лебізін білдірді.
Ердоған 2021 жылғы 12 қарашада Ыстамбұлда өткен Елбасының тікелей қолдауымен құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің нәтижелерін баса айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық