Си Цзиньпин Қытай әскерін «соғысқа дайындықты күшейтуге» шақырды
Фото: Ludovic Marin / Reuters
Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай армиясын «соғысқа дайындықты жан-жақты күшейтуге және әскерлердің сенімді жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге» шақырды, деп хабарлайды Orda.kz сайты РБК-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Қытай Халық-азаттық армиясының зымыран бригадасында болған кезде айтты.
Қытай Халық Республикасы төрағасының айтуынша, қытайлық сарбаздар «өздерінің стратегиялық тежейтін және жауынгерлік мүмкіндіктерін күшейтуі керек».
Си Цзиньпиннің мәлімдемесі Қытай әскері Бейжің өз территориясы деп санайтын Тайвань маңында ауқымды жаттығулар өткізгеннен кейін бірнеше күн өткен соң жасалды.
14 қазанда Қытай армиясы Тайвань маңындағы су айдындарында оқу-жаттығулар өткізді. Аға полковник Ли Си бұл жаттығу Тайвань тәуелсіздігіне ұмтылған «сепаратистік күштерге» арнайы «қуатты» тосқауыл болу үшін жасалғанын айтты.
Тайвань билігі Қытай әскери жаттығуларын арандатушылық деп атады. Жаттығу барысында аралдың әуе қорғанысы аймағына 90 ұшақ, тікұшақ және ұшқышсыз ұшақтар кірді.
Қытай Мемлекеттік кеңесінің Аралдар істері басқармасының төрағасы Чен Бинхуа Тайвань Қытаймен қақтығыс өршіп кетсе, елдің жойылуы мүмкін екенін ескертті.
«Біз ешқашан күш қолданудан бас тартуға міндеттеме бермейміз. <...> Тайваньның қанша әскері бар немесе қанша қару сатып алғаны маңызды емес және сыртқы күштердің араласқаны немесе араласпағаны да маңызды емес. Егер (Тайвань.ред) тәуекелге баруға батылы барса, бұл өзінің жойылуына әкеледі», - деді ол.
Америка Құрама Штаттары Тайваньды қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз етеді, бірақ америкалық билік «бір Қытай» қағидатын ұстанатынын мәлімдейді. Америка президенті Джо Байден Қытайдан ықтимал шабуыл болған жағдайда аралды қорғауға бірнеше рет уәде берген болатын.
Жаңалықтар
- Қайын жұртын қырып салған күйеу балаға жаңадан айыптар қосылды
- Путин мен Тоқаев стратегиялық серіктестікті талқылады
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды
- Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
- «16 жасында елді дүр сілкіндірген ақын»: Мұхтар Шахановтың өмірі мен ұстанымы
- Құрылтай — жаңа формат: Президент Құрылтай сайлауы мен оның маңызына тоқталды
- Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп белгілі болды
- Тарихи өзгеріс: Қос палатаның соңғы отырысы
- Талғарда сегіз үйді өрт жалмап кетті
- 2026 жылғы 1 шілдеде бірден алты лауазымды тұлға тағайындалады
- «75 ісі»: Қамшыбек Тәшиевке тоғыз жыл түрме жазасы сұралды
- Мүфтият мәһрдің ең төменгі мөлшерін түсіндірді
- Елдегі жанармай талан-таражға түспейді: Ресеймен шекарада бақылау күшейтілді
- Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза болды
- ӘЧ-2026: Роналду, Месси және Мбаппе — Forbes тізіміндегі бестіктің табысы қанша?
- Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
- Әкімшілік амнистия: 300 миллион теңгеге жуық айыппұл кешіріледі
- АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті