ШЫҰ қарсаңында Oyan, Qazaqstan белсендісі қамауға алынды
Фото: instagram / Oyan, Qazaqstan
Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі Бауыржан Әділханды полиция қызметкерлері Алматы әуежайында, ұшаққа отырар алдында себепсіз ұстады.
Бұл туралы Oyan, Qazaqstan өзінің instagram парақшасында хабарлады.
Жеке шаруаларымен Астанаға бара жатқан Бауыржан ұшаққа отырып жатқан кезінде ұстады.
Бұл жағдайды Oyan, Qazaqstan ресми парақшасында Астанаға келген ШЫҰ мен Си Цзинь Пиннің келуіне қарай ұстап отыр деп болжайды. Oyan, Qazaqstan желіде Бауыржанды еш түсіндірусіз ұстағанын айтып отыр.
«Біздің пайымдауымыз бойынша, Бауыржанның ұсталуы Астанадағы ШЫҰ кездесуімем тұспа-тұс келгендіктен, яғни саяси себептермен ұйымдастырылған» деп хабарлады Oyan, Qazaqstan.
Куәгерлердің айтуынша, оған әуежай қызметкерлері келіп, белгісіз бағытқа алып кеткен.
Алматы каласының полиция басқармасында (Масанчи 57А) қамауда болған оны сағат 22:00-де жіберді. Бауыржан Әділханды кешкі сағат 22:00-де жіберген. Ол өзінің instagram парақшасында өзіне алаңдағандарға рахметін білдіріп, полиция қателескен секілді деген болжам айтты. Сондай-ақ, істің мән-жайын сұрау үшін ертең Түріксіб полиция басқармасына баратынын айтты.
«Мен шықтым. Аманмын. Менде бәрі дұрыс. Полицияға рахмет мынадай 5 минуттың ішінде танымал қылғаны үшін. Бүкіл медия мен туралы болып кетті. Шынымды айтсам, білмеймін. Полиция мені біреумен шатастырып ұстаған секілді. Әлде, расында да саяси бірдеңе келе жатыр ма? Түсініксіз. Ертең сағат 11:00 де Түріксіб РОВД-сына барамын. Мені неге ұстап кеткендерін айтқан жоқ. Соған қарағанда полиция қызметкерлері өздері білмей тұр. «Қателесті ме?» деген ой болып тұр» деп жазды Бауыржан Әділхан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық